Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

1903 жылы Ресейдің «Қылмыстық жинағы» жарық көрді, оған 1883 жылғы Жинақтағы лауазымдық қылмыс туралы барлық нор- малар кірді. Бұл Жинақта алдыңғыға қарағанда прогрессивтік си- пат болды, жаңа қылмыстық заңнама жасау жүйесі жеңілденді, баптар саны азайды, лауазымды тұлғаға анықтама берілді. Бірақ лауазымдық қылмыстарды саралауға қатысты проблема туында- ды. Мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер жасаған қылмыстардан коммерциялық немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдары жасаған сондай іс-әрекеттің арасын ашу керек болды. Ол үшін лауазымды адам ұғымына анықтама беру қажет еді. В.Н. Ширяев айтқандай, «лауазымды қылмыс жасаған адамдардың ондаған атауы» болды [55, 21-6]. Көбіне «айыпты», «лауазымды адам» тер- миндері қолданылды, олар «шенеунік» терминімен қоса айтылды (338-340, 343-баптар). Кейде «мемлекеттік немесе қоғамдық қыз- метте тұратын адам» (346, 372, 392-баптар), «жалпы қызметтегі адам» (354-бап) және т.б. қолданылды. Ресей ғалымдары лауазымды адам үғымына дәл анықтама бе- руге бірнеше рет талпынды. Ақыры олар «лауазымдық қылмыс жасайтындар ауқымы қазіргі кезде үлғайып, лауазымды адам ұғы- мының шегінен шығып кетті» дегенді айтты. Қалай болғанда да қылмыстық қүқық ғылымы бүл проблеманы шешуге тиіс еді. Оны шешудің ең қарапайым тәсілі - лауазымды адам ұғымын дайын күйде, ол алғаш пайда болып дамыған қүқық саласынан - көпші- лік, әкімшілік құқықтан алып көшіре салу еді. Бірақ ол кезде мем- лекеттік қызмет туралы ілім жетілмеген болатын (әлі де солай). «Лауазымды адам» сөзі бірде кең, бірде тар мағынада айтыла- ды. Кең мағынада айтылғанда оған басқарушы әкімшіліктегі ше- неуніктер де, жергілікті басқару органдарының қызметкерлері де, әртүрлі жеке шаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлері де кіреді» - дейді А.И. Елистратов [56, 67-6]. Революцияға дейінгі Ресейде «лауазымды адам» және «мем- лекеттік қызметкер» үғымдары теңдей мағынада қарастырылды. Мысалы, Н.Немидов «лауазымды адам және қызметкер ұғымдары сәйкес келеді» деп санаған [57, 137-6]. 42

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==