Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

- шаруаның қауым атынан лауазымды адамға пара беруі (411-бап). Мемлекеттік басқару органының лауазымды адамына заңда көзделмеген сыйақы бергендік үшін жауапкершілік Заң жинағы- ның үш бабында (411,412 және 413) көзделген [52, 390-6]. Ресей Императоры Александр II өзінің 1866 жылғы «Пара- қорлық туралы» Қаулысымен Заң жинағының ауырлататын мән- жайсыз пара бергендік үшін жауапкершілік көзделген 411 және 412-баптарын алып тастады. 1862 жылы Александр II «Бүл ауру- дың себептерін іздестіру және оны жоюдың амалдарын қарастыру туралы» Жарлық шығарып, зерттеуге жататын мынадай мәселелер көтерді: Империяда бар парақорлықтың оның жолын кесуге тиісті адамдар арасында кең етек алғандығының себебі неде? Осы кезге дейінгі заңда пара берушілер мен алушыларды жаза- лаудың қатаң шаралары қарастырылған ба? Бүл кеселден айығудың қандай емі бар? Бүл құбылысты зерделеу мақсатында құрылған Сенат комитеті оның таралуының негізгі үш себебіне назар аударды: Заңдардың жетілмегендігі, мемлекеттік қызметкерлердің материалдық қамта- масыз етілмегендігі және қылмыс пен жазаның бір-біріне сай кел- меуі. Мемлекет есебінен байығандар мен бірнеше сом алған кедей кеңсе қызметкерінің тартатын жазасы бірдей. Бүл үш себептің болуын комитет мынадай жағдайлармен тү- сіндіреді: Сот билігі көріп отырған тәуелділік; Төменгі түрған шенеуніктердің жоғарғыларға тәуелділігі; Қызметке қабілетсіз адамдар алу; Билік органдары қабылдаған шешімдердің қүпиялылығы [53, 5-6]. Содан бері 140 жылдан аса уақыт өтсе де шенеуніктердің сы- байлас жемқорлығы осы кезге дейін өзекті мәселе болып қалуда. Әйгілі ресей заңгері В.Д.Набоков: «Өткен ғасырдың бірінші жартысындағы орыстардың кеселі заңның нашарлығында емес, соттардың жорықсыз парақорлығында еді», - деп жазды [54, 3-6]. 41

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==