Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Лауазымды адам өзінің қызметтік міндетін бүзып, заңда көз- делмеген сыйақы алса, онда ол бір жылдан үш жылға дейінгі мер- зімге бас бостандығынан айыруға немесе 70-80 рет таяқпен ұруға және екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге арестанттық ротаға жіберуге жазаланды. Егер жеңілдететін мән-жай болса және шын өкінсе, қатаң сөгіс беру немесе қызметінен босату түріндегі жеңіл- деу жаза қолданылды. Заңдар жинағының 405-бабында пара алудың және берудің мынадай формалары мен тәсілдері көрсетілді: Параны делдал арқылы, оның ішінде туыстар арқылы беру жә- не алу; Бұрын уәде еткен сыйақыны лауазымды адамға оның қызмет ба- бында жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін беру және оны алуы; Алдын ала келісілмеген сыйақыны лауазымды адамға оның қызмет бабында жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін беру және оның алуы; Сыйақыны үтылыс, айырбастау, қандай да мәміле арқылы беру. Заң жинақтарының 406 және 407-баптарында параны бопса- лаудың формасына мыналар жатқызылған: а) қорқыту немесе қысым жасау жолымен пара алу; б) лауазымды адамның сыйлықты немесе заңда көзделмеген тө- лемді немесе қарызды, немесе қандай да қызмет көрсетуді талап етуі ; в) заңда белгіленбеген немесе белгіленген мөлшерден артық ақша, зат жинастыру; г) өзінің немесе басқа біреудің жұмысына заңсыз кірісуі; д) адамды қинап немесе қандай да бір зорлық жасап боспа- лаушылық. Мүндай әрекеттер үшін барлық құқықтан айыру, Сібірге жер аудару және терт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостан- дығынан айыру түрінде жаза көзделді. Сонымен қатар бүрын белгісіз қылмыс құрамдары енгізілді: - төменгі деңгейдегі қызметкерлердің жоғары түрған шенеунік- терге сыйлық алу үшін заңсыз ақша жинауы (408-бап); - парақорлыққа жағдай тудыру, пара бопсалаушылыққа қатысу (409-бап); 40
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==