Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

сүйеніп, халықты қанауда. Тонауға рұқсат беретін бұл норманы олар сақтап қалуға мүдделі еді» [51, 54-6]. Сонымен қазақтардың сыйлық беру дәстүрі бұрыннан келе жатқан әдет болатын. «Жеті жарғыда» қоғамдық қатынастардың барлық жағы қам- тылған. Онда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық қүқық нор- малары, дін, салық жайында ережелер бар. Бірақ бір орталықтан жүргізілетін мемлекеттік басқару жүйесі болмағандықтан пара- қорлық, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, яғни сыбайлас жем- қорлық үшін жауапкерлік қарастырылған нормалар болмады. Ал, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруі Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының жүзе- ге асырылуымен байланысты болды. Қазақстан Ресейге қосылған кезде екі сот жүйесі қатар жүрді: жергілікті үлттық соттар - қазақтар арасындағы кішігірім дау- дамайды қарастыратын жергілікті билер мен қазылар соты; қазақтардың аса маңызды істерін, ұлтаралық дауларды қарайт- ын жалпы империялық сот мекемесі. Парақорлық кең етек алғанмен Екатерина ІІ-нің санкциясы аса қатал болған жоқ. Романовтар әулеті патшалық етіп түрған кезде парақорлық мемлекеттік қызметкерлердің табыс көзіне айналды. Мысалы, канцлер Бестужев-Рюмин Ресей империясына қызметі үшін жы- лына 7 мың сом алса, Британ тәжіне көрсеткен қызметі үшін сол валютада 12 мың алып түрды. Бұл қылмысты ешқандай жазалау шарасымен тоқтату мүмкін болмады, сондықтан онымен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді. 1845 жылы Заңдар жинағына толықтырулар енгізіліп, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, парақорлық үшін қосымша жауап- кершілік қарастырылды. Оның 401-бабында алған парадан екі есе көп мөлшерде айыппүл төлеу түрінде санкция белгіленді. Пара алғыс білдіру және сатып алу деп екіге бөлінді. Егер лауазымды адамға оны сатып алу үшін пара берілсе, ол жүмысынан да боса- тылатын еді. Айыпты адам шын жүректен өкінген жағдайда жаза жеңілдетілетін. 39

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==