Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
үшін күзде соғым беріледі, сол мақсатта сыбағаны көктемде бере- ді. Ордада отырған адам қандай да бір қызмет атқарғанымен қара- пайым қырғыздың сыйынан бас тарта алмайды» [49, 185-6]. XVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда «Қасымның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы күшіне кірді, оның не- гізіне әдет қүқығының нормалары алынды. Бүл әдет құқығының нормаларын XVII -ғасырдың аяғында Тәуке хан өзінің «Жеті жар- ғысында» толықтырып бір жүйеге келтірді. Т.М.Күлтелеевтің пікірінше, ол кездегі қазақтардың әдет құқы- ғы үш көзден: әдеттерден, билер сотының тәжірибесінен және билер съезінің ережелерінен түрды [49,139-6]. Сот міндетін ол кезде әдет қүқығына сүйеніп хандар, сүлтандар және билер ауызша атқарды. Олардың айтқаны ақтық шешім болып саналды. Ел ішіндегі дау- дамайды сол жерге барып шешетін, ол үшін «ханлық» деп атала тын сыйақы алынды. Мүндай шешімдердің нәтижесінде құқықтың жаңа нормалары пайда болды [49, 50-51 6]. Дауласқан жақтардың төрелік айтқан билерге тарту жасауына руқсат етілді [49, 196-6]. «1855 жылы Беріш және Адай рулары Құшанғали Шигаев сүл- танның әділетсіздігіне жергілікті билік органына шағымданған. Олар «султан ақша берсең шағымыңды қарайды, бермесең көзге көрінбейді де» деп жазған. Тексеру кезінде Шигаевтің старшина қызметін 100-200 сом күміс теңгеден сататындығы анықталған», - дейді С.З.Зиманов [50, 191-6]. Оның пікірінше, «Феодал ақсүйектер шаруалардан әртүрлі тә- сілдермен қосымша өнім алып отырған. Бір жағдайда өздерінің көшіп-қону шығынын жабу үшін, екінші бір жағдайда - бұрын- нан келе жатқан дәстүр бойынша «еркімен» берілетін сый-сияпат алып, үшінші жағдайда - руластарға «көмек» жинастырып өздері алатын болды» [50, 292-6]. «Қырғыз әдеттерін баяндауда» д'Андре: «Ордада қурмет көр- сетілетін әрбір адамға, лауазым иесі болса да, сыйлық алуға бола- ды, ол тіптен берген сыйлықтан бас тарта алмайды», - деп жазды [51, 54-6]. Қазақтардың әдеттік құқығын зерттеуші Л.С.Фукс былай дейді: «Султандар мен ақсүйектер бурыннан келе жатқан әдетке 38
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==