Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
үшін халықтың өтініш білдірген жазбаша арызы болуға тиіс еді. Патша пара бергендік үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізді. Сонымен қатар ол бас пайда үшін жасалған қылмысқа көмектес- кендер және мүндай қылмыстардың жасалғандығын аяғына жет- кізбегендер үшін де жауапкершілік енгізді. Мүндай қылмыстар мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыстар деп саналды. Бірақ бұл шаралар ойдағыдай нәтиже бере қоймады. Тіптен сы- байлас жемқорлық жасаған шенеунікті көрсеткен адамға жылжы- майтын және жылжитын барлық мүліктері берілетін, ал жеткізуші адам лайықты болса, оған шенеуніктің шендеріне дейін берілетін нормативтік акті енгізілді. Бәрібір айтарлықтай нәтиже болмады. Петр I кезеңін сипаттай келе, В.О. Ключевский былай деп жазды: «Петр I кезінде қазына ұрлаушылық пен парақорлық бүрын болма- ған шекке жетті» [46, 180-6]. Петр I жүргізген реформалар бары- сында парақорлық үғымның мазмұны өзгерді - мемлекет мүлкін лауазымды адамдардың бас салып үрлауын олардың қызмет бабын бас пайда үшін теріс пайдалануы деп саналды [47, 12-6]. Қазақ даласындағы рулық қауымдарда қабылданған әдеттік қүқық нормаларын көшпенділер мәдениетіндегі дәстүрлер анық- тады. Дегенмен Монгол хандығының да ықпалы елеулі болды. Ж.А.Тұяқбайдың пікірінше, құқықтық жүйе негіздерінің Қа- зақстанда қалыптаса бастауының алғашқы кезеңін орта және кейінгі орта ғасырға - XIV -ғасыр мен ХІХ-ғасырдың бірінші жар- тысы аралығына жатқызу керек. Бүл кезеңде құқықтың дәстүрлі мүсылмандық жүйесі мен монғолдардың көшпенді өркениетінің қуқықтық институттарының өзара үйлесу процесі жүрді [48, 11-6]. Бүл кезеңде қазак коғамында сыбайлас жемқорлық үғымы болмаған. Бірақ Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін ақсүйектерге сый-сияпат жасау болған. Мысалы, қарапайым диқан - хан, сул тан, билерге «үшыр» салығын - алған өнімінің оннан бірін төлеп тұрған. Мал өсіруші «зекет» салығын - біршама малын беріп тұр- ған. Сонымен қатар шонжарлар үпіін соғым мал немесе сыбаға жинастырылатын. Басқа да сыйлықтар болды. Ордада заң күші бар қырғыз әдеттерінің баяндауында былай де- лінген: «Хан немесе султан қыс бойы халық есебінен тамақтануы 37
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==