Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Жоғарыға - Қызылорда (18,88), Солтүстік Қазақстан (18,75) облыстары; Орташаға - Астана қаласы (15,67), Маңғыстау (14,61), Ақмола (14,03). Ақтөбе (14,13) облыстары, Алматы қаласы (13,99) жатады. Төменгі коэффициентке Жамбыл облысы (10,80), ШҚО (9,13), Павлодар (8,46), Қарағанды (8,29), БҚО (8,16), Алматы (7,71) об лыстары, ОҚО (7,54) жатады [40, 34-6]. Баспасөзде сыбайлас жемқорлық кең етек алған аймақ деп көр- сетілгенмен ОҚО мен Алматы облыстарының қарқындық коэффи- циенттері темен болып шықты. Бұл тұста мынадай жағдайды ес- керу керек: пара алу қылмыс болып саналғанмен, қылмыстық іс жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады. Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: - бұл облыстардың құқық қорғау органдарының белсенділігі те мен; - мемлекеттік биліктің сыбайлас жемқорлықсыз болмайтынды- ғын мойындауы; - халықтың құқықтық мәдениетінің төмендігі. Құқық қорғау органдарының ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері -111, қаржы полициясының қызметкерлері - 19, ке- ден органдарының қызметкерлері - 14, әділет органдарының қыз- меткерлері - 14 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің саны басқаларға Кара ганда едәуір көп болғандықтан, оларды ең жемқорлар деп санауға болмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.03.2004 жыл- ғы «ІІМ, Әділет министрлігінің, Қаржы полициясы агенттігінің штат санының лимитін бекіту туралы» №330 Қаулысына сәйкес, ішкі істер органдарында 18068 адам, ал қаржы полициясы ор- гандарында 3447 адам болуға тиіс. Егер қылмыстық белсенділік коэффициентін К=РЕ/Н формуласы бойынша есептеп шығарсақ, ол коэффициент ішкі істер органдарында 6,14; ал қаржы полиция- сында 5,51 екен. Бұл формуладағы Р - қылмыс жасаған адамдар- дың абсолюттік саны, Е - халық өлшемі. Н - халық санының айны- малы мөлшері. Бұл цифрлар бізге аталған органдардағы сыбайлас 34
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==