Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

- жеке басына және корпоративтік пайда үшін қызмет бабын пайдаланып ақпаратты бүрмалауы; - шағын топтың мүддесін көздейтін нормативтік актілердің ка ­ бы лдануына ықпал жасауы; - жекелеген үміткерлердің сайлау қорына мемлекеттік қаржы- дан бөлуі [37, 55-6]. Сыбайлас жемқорлықтың әрбір нақты жағдайдағы кейбір кө- ріністерін жемқорлық деп санауға болмайды, ол үшін сыбайлас жемқорлықтың сыртқы белгілері (индикаторлары) және бірнеше көріністерінің жиынтығы болуға тиіс. Ондай сыртқы белгілерді түгелдей айту мүмкін емес, бірақ олардың кемінде екі түрін бөліп алуға болады, олар: әлеуметтік- бейтарап индикаторлар және қажетті тән (немесе сигналдық) бел- гілер. Әлеуметтік-бейтарап индикаторлар лауазымды адамның іс- әрекеті мен қызметіне байланысты болады: - «тіленуші» кәсіпкерлермен ресми емес ұзақ келіссөз жүргізу; - материалдық жағдайының күрт өзгеруі; - бос уақытының болмауы, демалыстан бас тартуы, ауырса да жұмысқа келуі; - жұмыстан кейін бөтен біреулердің оны үйіне жеткізуі; - өз құзырына жатпайтын басқа ведомстволардың жұмысына тосыннан қызығушылық танытуы; - қымбат сыйлықтарды ашықтан-ашық беруі; - қарастырылып отырған мәселеге көзқарасының табан асты өз- геруі; - оқшаулану, өзінше болуы; - екіүшты өмір сүруі (жүмыста басқа, одан тыс жерде басқа); - жанама қызмет (мысалы, фирмада «кеңесші» болуы) атқаруы. Қажетті тән немесе «сигналдық индикаторлар»: - конкурсқа қатысушының құжаттарын рәсімдегенде немесе жо- басын қарағанда оған қолайлы жағдай тудыруы; - бір үйымның не кәсіпкердің конкурстарда бірнеше мәрте жеңуі; - әртүрлі жобалар бойынша үзақ уақыт бойы тек бір үйымның жұмысын қабылдауы; 32

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==