Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
адамның өз міндетін атқару кезінде кез келген әрекетті жасауы немесе жасамауы; - осы әрекеттерді жасау нәтижесінде алынған мүлікті алаяқтық- пен пайдалану немесе жасыру; - қолын жеткізе алатын мемлекеттік мүлікті, басқадай бір ком- паниялардың немесе үйымдардың мүлкін үкімет шенеунігінің немесе мемлекеттік міндет атқаратын адамның өзінің немесе үшінші біреудің пайдасы үшін заңсыз пайдалануы; - жүмыс бабында алған кез келген құпия немесе жасырын ақ- паратты үкімет шенеунігінің немесе мемлекеттік міндет атқа- ратын адамның өзінің немесе үшінші біреудің пайдасы үшін заңсыз пайдалануы; - сақтау мақсатында немесе басқадай себептермен өз иелігіне ал- ған, мемлекетке тиесілі кез келген жылжитын немесе жылжы- майтын мүлікті өзінің немесе үшінші біреудің пайдасы үшін уй мет шенеунігінің тәуелсіз мекемеге немесе жеке түлғаға беруі. АҚШ-тағы сыбайлас жемқорлықтың кең таралған түрі - «кик- бэкинг». Онда келісуші жақтар ауызша бір бағаға келіседі, ал рес- ми келісімде одан жоғары баға көрсетіледі. Артық ақшаны өзара бөліседі. Пара алудың мүндай түрі Қазақстанда да бар. Сыбайлас жемқорлықтық қылмыстың жаза көзделмеген мына- дай түрлері де бар: - жеке өзі немесе бірлесіп табыс табуы үшін лауазымды адам- ның, мемлекеттік қызметкердің немесе депутаттың коммер- циялық қызметке тікелей қатысуы; - мемлекеттің ақша қаражатын «қолма қол ақшаға» айналдырып үрлау үшін өз қызмет бабын пайдаланып коммерциялық құры- лымдарға аударуы; - мемлекеттік ресурстар есебінен өзінің корпоративтік тобына жеңілдік жасауы; - өз басына және корпоративтік пайда үшін қызмет бабын пай даланып, БАҚ-қа ықпал еті; - баю мақсатында лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік қызметкерлердің коммерциялық қүрылымдарға өз адамдарын, туыстарын кіргізуі; 31
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==