Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
құраммен жиынтықта ғана саралануы мүмкін. Мысалы, «қылмыс- тық жауапкершіліктен заңсыз босату» прокурор, тергеуші немесе анықтаушы пара алған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлық қыл- мысына жатқызылады. Немесе «қызмет бабын пайдаланып ком пьютерно ақпаратқа заңсыз кіру» (227-бап) лауазымды адам бо- лып табылатын мемлекеттік қызметкер пара алса, не өкілеттігін теріс пайдаланса - сыбайлас жемқорлық қылмысына жатады. Егер бүл қүрамдар жиі кездессе және «адам өзі қызметінде тұ- ратын мемлекетке немесе басқа субъектіге емес, өзіне көбірек ақы бергенге қызмет ететін» болса, бұл да сыбайлас жемқорлыққа жа тады [36, 6-6]. Қылмыстық жазаланатын сыбайлас жемқорлық әрекеттердің ішінде Алматы, Астана қалаларында, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында парақорлық, қызмет билігін теріс пайдалану, қыз- меттік сатып алу және заңсыз сыйақылық жиі кездеседі. Алматы, Астана қалаларының Қаржы полициясы департамен- тінің мәліметтеріне қарағанда, бұл қалалардағы сыбайлас жемқор- лық көбіне жер, тұрғын үй бөлумен, аукциондар өткізумен, жалған анықтамалар берумен және т.б. байланысты екен. Ал пара алушы- ны қолма-қол үстап алмайынша, ол парақор деп танылмайтындық- тан, сыбайлас жемқорлықтың шын масштабын айқындау мүмкін емес. Бақылаушы, қадағалаушы органдардың (полиция, қаржы по лициясы, төтенше жағдай, эпидстанса, т.б.) қызметкерлеріне, олар хаттама, акті толтырмауы үшін әдетте пара беріледі. Американдық мемлекеттер үйымына қатысу шылардың Каракас (Венесуэла) қаласында қол қойған (1996) Америкааралық конвен- циясында «сыбайлас жемқорлықтың мынадай белгілері» аталған: - үкімет шенеунігінің немесе мемлекеттік міндет атқаратын адамның ақшалай қүны бар кез келген затты немесе сыйлық, қызмет корсету және т.б. түріндегі пайданы қызмет орнында жасайтын немесе жасамайтын әрекеті үшін алуы немесе талап етуі; - өзі үшін немесе үшінші біреу үшін заңсыз пайда табу мақсатын- да үкімет шенеунігінің немесе мемлекеттік міндет атқаратын 30
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==