Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
- халықаралық шарттарға сәйкес шығатын іссапарларды қоспа- ғанда, жеке және заңды тұлғалардың есебінен шетелдерге қыз- меттік іссапарларға шығуға; - саяси партияларға, қоғамдық, діни үйымдарға өзінің көзқара- сын насихаттау үшін өз қызмет бабын пайдалануға. Сыбайлас жемқорлыққа берілген анықтаманы ғалымдардың барлығы бірдей құптамайды. Мысалы, А.И.Долгова оны «сыбайлас жемқорлық сипатында- ғы қылмыстардың жиынтығы» деп қарастырады [34, 51-6]. П.Н.Панченконың ойынша, ол - «мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарының сатқындығы, олардың қызмет бабын те - pic пайдаланып ұрлық жасауы, пара алу, пара беруі немесе пара- қорлықта делдал болуы» [35, 72-6]. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының негізгі белгілері, бұл: - бәрінен бұрын, адамдардың белгілі бір санаты жасаған қыл- мыстардың жиынтығы; - арнайы субъектілердің болуы, яғни мемлекеттік басқару орга- нына ресми тартылған, сондай-ақ жеке сектордың ұйымдарын- да лауазымды қызмет атқаратын адамдардың болуы; - бұл субъектілер өздерінің қызметін және мәртебесін жеке өзі- нің және белгілі бір топтың мүддесі үшін пайдаланады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қүрамын шартты түрде: - тікелей (негізгі); - жанама, яғни факультативтік деп бөлуге болады. Тікелей құрамда лауазымды адамды сатып алу сияқты қыл- мыстық белгілілер болады. Сонымен қатар лауазымды теріс пай- далану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, пара алу-беру, сайлау комиссияларының жұмысына араласу, куәларды, жәбірленушіні сатып алу және т.б. тікелей қүрамға жатады. Сыбайлас жемқорлық- тың құрамына жоғарыда аталғандардан басқа 176-баптың 2-бөлігі- нің «в» тармағын да жатқызуға болады (адамның өз қызмет бабын пайдаланып мүлікті иемденуі немесе жаратып қоюы), егер бюджет қаражатын не мемлекеттің өзге мүлкін үрлау орын алған болса. Ал қалған басқа құрамдарды факультативтікке жатқызып, олар негізгі 29
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==