Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Жоғарғы сыбайлас жемқорлық жоғарғы лауазымды адам- дардың өте маңызды шешім қабылдауымен байланысты (заңдар қабылдау, мемлекеттік тапсырыстар және т.б.). Мұндай мәміле- лер мемлекеттік биліктің бір органында болады. Мысалы, төмен- гі түрған шенеунік өзінің бастығына оның «көмегі» үшін пара береді. Сыбайлас жемқорлықтың бұл формасы министрліктер мен ве- домстволардың, әсіресе Қаржы министрлігінің құрылымында жиі кездеседі. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық жекелеген акті түрінен қалыптасып қалған формаға айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың кейбір түрлері қылмыс деп танылып, қылмыстық тәртіпте қудаланады, ал кейбіреулері ондайға жатпай- ды, олар құқықтың басқа салаларымен реттелінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар барлық әрекеттер, ең ал- дымен, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңда, ӘҚБтК-те және мемлекеттік қызметті реттейтін заңдарда қарастырылуы тиіс. Қылмыс белгісі жоқ сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін мем- лекеттік қызметкерлерге қойылатын шектеулер «Мемлекеттік қыз- мет туралы» Заңда (23.07.99 ж.) берілген: - педагогикалық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет- тен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға; - өзі немесе басқа біреу арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналы- суға; -ғ егер заңда өзгедей көзделмеген болса немесе егер заңда белгі- ленген тәртіпте оған сол ұйымды басқаруға қатысу тапсырыл- маған болса, коммерциялық үйымның басқару органының мү- шесі болуға; - өзі қызметте түрған не тікелей бағынатын немесе бақылауын- да тұрған мемлекеттік органның сенім білдірген адамы немесе үшінші адамның істері жөніндегі өкілі болуға; - материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамта- масыз ету қаражатын, басқа да мемлекеттік мүліктер мен қыз- меттік ақпаратты қызметтен тыс мақсатқа пайдалануға; - лауазымдық міндетін атқарумен байланысты жеке және заңды түлғалардан сыйақы алуға; 28

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==