Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Сайланатын қызметке кандидатты сатып алу - не оның басқа бір кандидаттың пайдасына өз кандидатурасын қайтарып алуы, не сайлау алды науқанды «пәс» жүргізуі. Халықаралық тәжірибеде мұндай жиі кездеседі. Ұлыбритания Парламентіне сайлау кезінде депутаттыққа кан дидат М.Сарвар өзінің бәсекесіне 5000 фунт стерлинг беріп, оны аса талпынбауға көндірген [33, 4-6]. Сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың сенім білдір- ген адамын оның бәсекелестерінің сатып алуы. Сайлау комиссиясының мүшелерін сатып алу. Осы аталған саяси сыбайлас жемқорлықты талдай отырып, біз оның негізгі белгілерін бөліп алдық: Саяси сыбайлас жемқорлық көбінесе әртүрлі сайлауларды өт- кізумен байланысты не белгілі бір мемлекеттік қызметке тағайын- даумен немесе бекітумен байланысты; Бүл қылмыстың арнайы субъектісіне саяси түлға болып қалып- тасқанадамдар,сондай-ақсайланбалықызметкеүміткерлержатады; Саяси жемқорлық субъектілерінің іс-әрекеті, бәрінен бұрын, өзі үшін де, басқа адамдар үшін де белгілі бір қызметті не мәртебе- ні алуға немесе сақтауға бағытталған; Бүл іс-әрекеттер мемлекеттің, қоғамның және басқа адамдар- дың мүдделеріне қайшы келеді, олар лауазымдық өкілеттік, мате- риалдық ресурстар пайдаланылып жүзеге асырылады; Мүнда өзінің баюын, қандай да бір топтың, саяси партияның мүддесін көздеген мақсат болады. Сонымен, саяси сыбайлас жемқорлыққа саясаткерлердің, үміт- керлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауға даяр- лық және оны өткізу кезіндегі, белгілі бір лауазымға тағайындау- және бекіту кезіндегі іс-әрекеті деп анықтама беруге болады. Әрекет ететін деңгейі бойынша сыбайлас жемқорлықты те мени, жоғарғы және вертикальды деп бөліп алдық. Төменгі сыбайлас жемқорлық билік органдарының .арта және төменгі деңгейінде кең таралған және ол шенеуніктер мен азамат- тардың араларындағы қатынаспен байланысты (тіркеу, айыппүл, лицензия беру және т.б.). 27
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==