Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Үміткерлердің тағлымдамадан міндетті түрде өтуі олардың қызметке жарамдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Жарлықта тергеушінің іс жүргізудегі мәртебесін көтеру, учас- келік полиция инспекторларын түрғындардың пікірін ескере оты- рып тағайындау міндеті қойылады, бұл олардың жұмыс сапасын жақсартуына мүмкіндік береді. Бұл орайда, учаскелік инспектор- ларды, яғни халықпен жиі араласатын түлғаларды тағайындау мен аттестаттаудың ұсынылып отырған тәртібі азаматтардың поли- цияға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік жасайды. Қазіргі уақытта, қүқық қорғау органдарының қылмысқа кар ­ ем күрес, қүқықтық тәртіпті қорғау функцияларын тікелей атқара- тын қызметкерлері өздерінің мәртебесі жағынан қамтамасыз ету функцияларын орындайтын қызметкерл ерге теңе стірі л етін қате прак ­ тика орын алған. Мәселен, жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерле- рінің әдеттегі мемлекеттік қызметтен еш айырмашылығы жоқ кадр, заң, қаржы-шаруашылық бөлімшелеріндегі қызметкерлермен жала- қысы, қызмет өткеру мен атақ берілу, зейнетке шығу тәртібі бірдей. Осыған байланысты, негізгі функцияларды орындайтын қыз- меткерлердің мәртебесін көтеру, қүқық қорғау қызметінің беделін арттыру мақсатында оларға еңбекақы төлеудің неғұрлым жоғары деңгейін белгілеу үсынылады. Бұл ретте, еңбек сіңірген жылдарын айқындаудың, зейнетақымен қамтамасыз ету, атақтар мен сынып- тық тендер берудің қалыптасқан тәртібі қайта қаралуға тиіс. Жарлықта сондай-ақ қүқық қорғау жүйесін оңтайландыруға, қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін үйымдастыру- қүқықтық шаралары көзделген. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қү- зыреттерінің ара-жігін нақтырақ ажырату үшін, ұлттық қауіпсіздік органдарының бүл өкілеттігін бара-бар қысқарта отырып, қаржы полициясының тергеу өкілеттігін ішінара кеңейту көзделген. Бұл ретте, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, өзі немесе басқа адамдар немесе үй- ымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған және өзге де айрық- ша ауырлататын жағдайларда жасалған қызмет өкілеттігін теріс 193

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==