Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
кәмелетке толмағандардың мүдделеріне айрықша назар аударып келді, бүл орынды да, себебі олар еліміздің болашағы, бірақ өз- дерінің жастығы, психологиялық және өзге де ерекшеліктеріне қарай олар сырттағылардың әр кезде де жағымды бола бермейтін ықпалына тез түседі. Практика көрсеткендей, кәмелетке толмаған- дар көп жағдайда үлкендердің ықпалына еріп қылмыс жасайды. Ал қылмыстың ұйымдасқан нысандарына келер болсақ, ол XXI ғасырда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған басты қатердің бірі болғандықтан, қылмыстық-құқықтық шара- ларды күшейту уақыт талабынан туындайды. Өткен жылы Қазақстан Б¥¥-ның Трансүлттық үйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын (Палермо қаласы, 2000 жылғы 13 желтоқсан) және оған қосымша, мемлекеттердің халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі көпжақты ынтымақтастығының негізін қүрайтын, атыс қаруының заңсыз жасалуы мен айналымы, адам саудасының алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ мигранттарды құрлықпен, теңізбен және ауамен заңсыз алып өту мәселелеріне қатысты хаттамаларды ратификациялады. Дағдарыс жағдайында азаматтардың әлеуметтік саладағы құ- қықтары мен бостандықтары қорғалуы өзекті мәселеге айналуда, сол себепті Жарлықта осы саладағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық шаралар қабылдау тапсырылады. Қүқық қорғау органдарында қызмет өткеру тәртібін одан әрі жетілдіру, тұтас алғанда, қүқық қорғау қызметінің тиімділігін арт- тыруға септігін тигізетін маңызды шара болып табылады. Осы орайда Жарлықта бүл органдардағы лауазымдар үшін ар- наулы біліктілік талаптарын әзірлеу, ондағы қызметкерлердің қү- қықтық мәртебесін және қызмет өткеру шарттарын біріздендіру, үміткерлерді міндетті түрде тағлымдамадан өткеннен кейін қыз- метке қабылдаудың конкурстық тәртібін енгізу көзделген. Түптеп келгенде, Жарлықта азаматтарды қүқық қорғау орган- дарындағы қызметке іріктеу мен қабылдаудың жаңа, бүдан бұрын мемлекеттік қызметте өзін жақсы жағынан көрсеткен кешенді тәр- тібі енгізіледі. 192
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==