Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Қызметшінің жеке мүдделері және қоғам мен мемлекет мүдде- лері арасындағы қақтығысты реттеу үшін Жарлықта мемлекеттік қызмет жүйесіндегі “ мүдделер қақтығысы ” ұғымын заңнамалық деңгейде айқындау тапсырылады. Қазіргі уақыттағы әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекеттің бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі белсенді іс-қимылы арқа- сында жеке компаниялар мен банктердің шоттарында айтарлықтай бюджет қаржысы жиналуына байланысты, корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айрықша маңызға ие. Оның үстіне, прак тика көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықэкономиканың жеке секто- рында барған сайын таралуда. Бүл мемлекеттің соған барабар, оның ішінде құқық корғау қызметі шеңберінде жауап әрекетін талап етеді. Осыған байланысты, жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы түру механизмдерін қүру мақсатында Жарлықта “ корпора- тивтік сыбайлас жемқорлыққа ” қарсы тұру жөніндегі шараларды әзірлеу тапсырылған. бүл Қазақстан өткен жылы ратификацияла- ған Б¥¥-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қа- ғидаларынан заңды түрде туындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шаралармен қатар, Жарлықта қылмысқа қарсы күресті күшейту және қүқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі маңызды шаралар да көзделген. Құқық қорғау органдарына, кінәлілерді заңда белгіленген жауапқа тарта отырып, мемлекеттің кез келген қүқық бұзушылық- қа жауап әрекеті болуын қамтамасыз ету ерекше тапсырылған. Мұндай практика өзінің тиімділігін бірқатар елдерде дәлелдеді. Мәселен, АҚШ-та шамамен он жыл бүрын құқық бүзушылықтар- ға қатысты былайша айтқанда “ нөлдік төзімділік ” саясаты жария- ланды, оның мәні кез келген құқық бұзушылық үшін кайткенде де жауаптылық болуын қамтамасыз етуге келіп саяды. Соның нәти- жесінде, криминологтар қылмыстың айтарлықтай азайып, қоғам- дық тәртіп жағдайының жақсарғанын атап көрсетеді. Үкіметке кәмелетке толмағандарға қол сүғатын, топ болып жа- салған қылмыстар үшін жауаптылықты күшейтуге, сондай-ақ ұй- ымдасқан қылмысқа қарсы түру механизмдерін жетілдіруге бағыт- талған шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Мемлекет қашанда 191
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==