Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

азаматтардың да жан-жақты назар аударуын талап етеді. Бұл теріс құбылыспен қолдағы бар күшпен күресу қажет және де өмірлік көз- қарасы белсенді азаматтар өздеріне тиісті марапаттарын алып оты- руы керек. Ал оның қай нысанда болатыны әлі айқындала жатады. Ашықтық бар жерде сыбайлас жемқорлық болмайтыны бел- гілі. Соған байланысты, Жарлықта мемлекеттік қызметшілерді, жүмыстан босағаннан кейін белгілі бір уақыт аралығында да, ку ­ ны өздерінің ресми табысынан асып түсетін мүлкінің шығу тегі туралы ақпарат беруге міндеттейтін шаралар қарастырылған. Сол арқылы мемлекет шенеуніктердің табысына ғана емес, жұмсаған қаржысына да бақылау орнатады. Бұл, шенеуніктер өздерінің рес ­ ми табысынан айтарлықтай асып түсетін қандай да болсын қымбат бағалы мүлік сатып алған жағдайда тиісті тексеру жүргізілетінін білдіреді. Жарлықта көзделген, мемлекеттік органдарда сыбайлас жем- қорлық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізбесінің айқындалып, осындай лауазымдарға орналасу мен оларда қызмет өткеру үшін неғүрлым жоғары талап белгіленуі, мемлекеттік қызметшілер кор- пусын халық пен мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын лайықты азаматтармен жасақтауға мүмкіндік береді. Бүл ретте, осындай лауазымдардағы тұлғаларға қатысты арнаулы тексерулер, солардың ішінде, теріс нәтиже анықталған жағдайда мемлекеттік қызметтен кетуіне әкеп соқтыратын, сыбайлас жемқорлыққа әдейі итермелейтін әртүрлі ойындарды пайдалана отырып ’‘ ақшаға бой алдырмау ” түрғысындағы тестілеу мен психологиялық тексерулер жүргізілуі мүмкін. Ерікті түрде өздеріне тиісті шектеулер қабыл- дап, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін адал қызмет етуге міндетті шенеуніктер үшін сырт қарағанда қатаң көрінетін мүндай жаза әб- ден орынды. Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметте бүрын жүмыс істеген адамдар туралы бірыңғай электронды дерекқор жа ­ сау мемлекеттік қызметке үміткерлерді сапалы түрде іріктеп, жо- ғары лауазымдарға үсынуға мүмкіндік беріп қана қоймай, іскерлік бет-бейнесіне дақ түскен адамдардың қызметке орналасуына да айтарлықтай тосқауыл болады. 190

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==