Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
жасалды. 1998 жылы Қазақстан кеңестік дәуірден кейінгі кеңіс- тікте алғашқы болып “ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура- лы ” Заң қабылдады. Оның көптеген қағидалары өзінің тиімділігін дәлелдеп, көрші елдердегі әріптестеріміз тарапынан дәл осындай заңдар әзірленген кезде пайдаланылуда. Алайда, басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, әлеуметті жайлаған бүл індетке ойдағыдай қарсы тұру үшін сыбайлас жем- қорлық көріністерінің алдын алу мен жолын кесу механизмдерін үнемі жетілдіріп, жаңаларын жасап отыру қажет. Осыған орай, Жарлыққа қол қойылуы, республикада сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне және, түтас алғанда, қылмыс- қа қарсы түру жөніндегі жүргізіліп жатқан жоспарлы әрі мақсатты жүмыстың тағы бір кезеңіне айналып, сыбайлас жемқорлыққа қар- сы ұлттық заңнаманың әлеуетін күшейтуге бағытталды. Жарлықта мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жө- ніндегі мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңітетін шаралар кешені қа- растырылған. Ең алдымен, Жарлықта мемлекеттік органдардың, мемлекеттік үйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар үйымдардың бас- шыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түру жөніндегі шаралар қолдану міндетін жүктеу, оны орындамағаны үшін заңда көздел- гендей жауапқа тарту арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төз- беушілік қалыптастыруға бағытталған шаралар айқындалды. Со- нымен бірге мемлекеттік қызметшілердің өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық жәйттерінің бәрін өз басшылығының немесе қүқық қорғау органдарының назарына жеткізу міндеті, бүл мінде- тін орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі белгіленді. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге және оны ашуға жәр- демдескені үшін азаматтарды көтермелеу механизмдерін қоса отырып, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-қүлқын ын- таландыру тағы бір маңызды шара болып табылады. Бүл шараны кейбір азаматтар теріс көруі мүмкін, бірақ ол, сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен бірқатар елдерде ойдағыдай қолданылып жүрген, мәжбүрліктен туындаған шара. Сыбайлас жемқорлық, оның ерек- шелігін ескере отырып, мемлекеттік органдар мен қоғамның да, 189
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==