Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

ҚОСЫМША Г Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік саясаты “ Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және қүқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы ” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ Мемлекет басшысы 2009 жылғы 22 сәуірде “ Қазақстан Респуб ­ ликасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы ” Жарлыққа (бүдан әрі - Жарлық) қол қойды. Бұл осы қарастырылып отырған салада жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа мен басқа да қайта өзгертулер тұрғысынан ал- ғанда дер кезінде жасалған әрі қажетті шара болып табылады. Жарлықтың негізгі қағидаларын, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және қүқық қорғау органдары қыз- метінің үйымдастыру-құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру мә- селелеріне байланыстыра отырып, шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Республика Президенті сыбайлас жемқорлықтың мемлекеті- міздің дамуына, оның экономикалық өсуі мен саяси түрақтылығы- на қауіп-қатер төндіретініне мемлекеттік қүрылымдардың назарын бірнеше рет аударған болатын. Бүл орайда, әлеуметтік қүбылыс ре- тінде сыбайлас жемқорлық бүгінде ғаламшардағы барлық елдер- ге, солардың ішінде, экономикасы дамыған және демократиялық дәстүрі ежелден қалыптасқан мемлекеттерге тән болып, кез келген қоғам үшін күрделі проблема болып табылады. Осы аталған қатерді түсінгендіктен республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қажетті, шетелдік сарапшылардың пікірінше, ең жақсылары қатарындағы нормативтік-қүқықтық база 188

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==