Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
олар жасаған жолсыздықтар мен оларды түрлі жауаптылыққа тарту фактілері және мемлекеттік қызметті тоқтату себептері туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай электрондық дерек- қор жасауды қамтамасыз етсін; - мемлекеттік қызмет жүйесінде “ мүдделер қақтығысы ” ұғы- мын заңнамалық деңгейде айқындасын, мүнда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері, қоғам мен мемлекет мүдделері арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл ретте мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібін регламенттесін, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтен босағаннан кейін белгілі бір кезең ішінде оның қызметтік мін- деттерін атқаруы кезеңінде тікелей бақылауында немесе оның қүзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған коммерциялық ұйымдарға жұмысқа ауысуына тыйым салуды белгілесін; - мемлекеттік үйымдарда және мемлекеттің қатысу үлесі бар үйымдарда басқарушылық функцияларды орындайтын адам- дарға мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерді қолдансын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) сот шешімдерін орындау тәртібін бұзу және сотты құрметте- меушілік көрінісіне байланысты қылмыстық істерді тергеу өкілет- тіктерін Ішкі істер министрлігінен Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің қарамағына беруді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын заң жобаларын әзірлеп, Казак- стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін; 3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабыл- дасын. 6. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия сыбай лас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйін талдау мен монито ринг жүргізу негізінде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын дамыту мен жетілдірудің перспективалық бағытта- рын тұжырымдасын. 186
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==