Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

ҚОСЫМША В Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және қүқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау кез келген құқық бүзушылыққа мемлекетгің жауап әрекетінің болуын қамтамасыз етіп және кінәлілерді занда белгіленген жауапқа тарта отырып, қүқық қорғау органдары қыз- метінің басым бағыттары деп айқындалсын. 2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік үйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар үйымдардың басшыларына сыбай ­ лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгі- лене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі орталық мем- лекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: - азаматтардың сыбайлас жемқорлық қүқық бұзушылықтары- ның жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сы ­ байлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар көздесін; - мемлекеттік қызметшінің өзі жүмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық қүқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізуін оның міндетіне енгізсін, осы мін- детті орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылықты көздесін; 183

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==