Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі қызметі туралы халықа- ралық жұртшылықты хабардар ету үшін Интернетті кеңінен пай- далануды; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, прокурорлардың, судьялардың және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жем- қорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін маманданды- рылған бірлескен зерделеуін қамтамасыз етуді; сыбайлас жемқорлық қылмысқа араласқан кәсіпкерлік субъек- тілері мен кәсіпкерлер туралы халықаралық ақпарат алмасуды жолға қоюды; қылмыстық істер, адамдарды ұстап беру және активтерді қайтару бойынша өзара қүқықтық көмек туралы, сондай-ақ қүқық қорғау органдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әдістерінде біліктілігін арттыруда жәрдем көрсету туралы келісімдерді жасасуды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенцияларға қосылуға және оларды ратификациялауға бағытгалған жұмысты жүргізуді көздейді. 5.6. Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос- пары арқылы жүзеге асырылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты іс-қимыл жасамаған жағдайда, оның қанат жайып, жаңа жағдайларға икемделу дағды- сы бар екендігі фактісін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде сыбайлас жемқорлықтың ауқымын азайтуға мүмкіндік беретін бір- түтас тетікті жасау, сондай-ақ мемлекеттің тұрақты қызмет ететін етене функциясы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын түжырымдау ка ­ жет. Бұл ретте іске асыру тетігінің жүмыс істеу тиімділігі едәуір дәрежеде азаматтық қоғам қүрылымдары осы саясатты іске асыру- ға қаншалықты белсенді қатысатынына байланысты болады. 180

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==