Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

нәтижесінде ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын қысқарту жөніндегі ұйымдық-әкімшілік шараларды енгізу; саяси партиялар мен сайлау науқандарын қаржыландырудың барынша ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктерді жасау; капиталды заңсыз әкетуді, заңсыз жолмен алынған ақшалай қа- ражатты және өзге де мүлікті заңдастыруды анықтау және оның жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралардың тиімділігін қам- тамасыз ету. 5.4. Азаматтық қоғам күрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау Азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылған азаматтық қоғам субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету; кәсіпкерлер бірлестіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне қатысуын қамтамасыз ету; азаматтық қоғам институттарын мемлекеттік басқару орган- дары қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, таза- лықты, ашықтықты және адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі жүмысқа тарту; халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалып- тастыру мен мемлекеттік органдардағы және қоғамдық институт- тардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге бұ- қаралық ақпарат құралдарының қатысуы қажет. 5.5. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыкка қарсы күресса- ласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру Осы міндетті шешу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық шарттарды жасасуды; 179

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==