Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

жүргізу кодексіне, Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұ- зушылық туралы кодекске және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қоғамдық мүдделерге сай келетін заңды қызметке айналдыру мақсатында мүдделерге қолдау көрсету туралы нормаларды заңна- малық бекіту; алдымен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін өзгертуді көздейтін немесе азаматтардың қүқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті сараптама белгілеу; ақпарат көздерінің құпиялылығын, сондай-ақ сыбайлас жем- қорлық қүқық бұзушылық жасау фактілері туралы ақпаратты ха- барлайтын куәлар мен адамдарды қорғау институтын нығайту. 5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдістерін және қүралдарын оңтайландыру Алға қойған міндетке қол жеткізу мыналар арқылы қамтама- сыз етіледі: мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту және олардың ал- дын алу практикаларының тиімді түрлерімен алмасу; мемлекеттік сатып алудың электрондық нысандарын енгізу нә- тижесінде шешімдер қабылдаудың ашықтығы, бәсекеге қабілетті- лігі және объективтілігі қағидаттары негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау; салық салу практикасын жетілдіру негізінде «көлеңкелі» эко- номиканың көлемін қысқарту; ұлттық компаниялардағы бейінді емес активтерді жою; мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту; банктің төлем карточкаларын қолдану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін электрондық есеп айырысу жүйесіне көшу 178

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==