Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азай- ту Бағдарламаның мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орын- дау қажет: азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылықтарының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік қүқықтық база- ны жетілдіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдіс- терін және құралдарын оңтайландыру; азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасасу; Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында- ғы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру. 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат өмірдің түрлі салаларын да сыбайлас жемқорлықты тудыратын және мемлекеттік қызмет- шіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелеп, мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі мемлекеттің және қоғамның жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеуді және жүзеге асыруды көздейді. Дегенмен, үсынылып отырған негізгі бағыттар толымды болып саналмайтынын ескеру керек. Олар тек жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құбылысын, оның себептерін, сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің салдарын терең талдау, тура және жанама экономикалық және басқа шығындарды салиқалы және объективті бағалаудың нәтижелері ескеріле оты- рып түзетілуі қажет. 1 -кезеңде (2006 - 2008 жылдар) мемлекеттік органдардың шешім- дер қабылдауының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде- гі шаралары іске асырылатын, мемлекеттік басқару органдарының рүқсат беру және әкімшілік өкілеттіктерін оңтайландыру, сондай-ақ 175
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==