Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Бұл мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндерге жоғары кәсіби талаптарды белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің іскер- лік қабілеті мен кәсібилігін объективті әрі алаламай бағалауға не- гізделген еңбекақы төлеу мен қызметте жоғарылату жүйесін енгі- зуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін енгізуді көздейді. Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық- тың пайда болу себептері мониторинг! жоқ. Сыбайлас жемқорлық факторлары мен тетіктерін қадағалау, оның деңгейі мен қүрылы- мын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімді- лігін талдау қажеттігі оны енгізуді талап етеді. Мүндай бағалау сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылаудың енгізілетін жүйелері үшін негіз бо- лады. Бесіншіден, соңғы жылдар тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелерінде азаматтық қоғамның белсенділігі мен хабардарлығының қажетті деңгейінің болмауын көрсетуде. Осыған байланысты осы Бағдарламаны іске асыруда азаматтық қоғам институттары қатысуының тетіктерін жасау та лап етіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы жүртшылықты хабардар етудің жалпы қолжетімді және тиімді рә- сімдерін енгізудің маңызы да кем емес. Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында- ғы халықаралық ынтымақтастықтың деңгейі жеткіліксіз. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақ- тастық нысандарын кеңейту және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңға қайшы жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-қимыл сала- сындағы негізгі халықаралық конвенцияларға қосылуы жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институтта- рының қызметін үйлестірудің тиімділігін жетілдіру арқылы қоғам 174
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==