Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
табыстарды жылыстату. анықтау, аду туралы» (Страсбург, 1990 жылгы 8 қараша) халықаралық конвенцияларға, Біріккен Үлттар Үйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (2003 жылғы 31 қазан) қосылуы жөніндегі жүмыс жалғасуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдар- ға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген оң нәтижелермен қатар мынадай шешілмеген пробле- малар да бар. Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен сілтеме нормаларының едәуір санының болуы мемлекеттік орган- дардың жекелеген лауазымды адамдарға негізделмеген кең өкілет- тіктер беретін ведомстволық актілерді қабылдауына мүмкіндік бе- реді. Бірінші кезекте толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажет ететін заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының Жер ко- дексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мем- лекеттік сатып алу туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен рұқсаттар беруді регламенттейт- ін басқа да нормативтік қүқықтық актілерді жатқызуға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін норма- тивтік құқықтық актілерді халықаралық шарттармен және келісім- дермен одан әрі біріздендіру талап етіледі. Екіншіден, әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен, салық және ке- ден ережелерін одан әрі жеңілдету қажет. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін олар қарапайым, анық және жалпыға белгілі болуы ка жет. Ақпарат пен қүжаттамаға қойылатын талаптарды ең төменгі деңгейге жеткізу қажет. Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру лауазымды тұлғалар мен клиентгердің жеке байланысын шектеуге, сондай-ақ белгіленген есептілік нысандары мен санкциялардың қысқаруына әкелуге тиіс. Үшіншіден, адам ресурстарын басқару тиімділігінің жетіспеуі орын алуда. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылық- тарының сот практикасын талдау кінәлілердің көпшілігі төменгі буындағы мемлекеттік қызметшілер екенін көрсетіп отыр. Олар- дың жалақысының деңгейі мен әлеуметтік қорғалмауы сыбайлас жемқорлықтың экономикалық алғышарттарын жасайды. 173
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==