Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
әзірлеген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың ауқымын қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен үйымдас- тыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыт- тары» бағдарламасын қабылдады. Қазақстан Республикасында I «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшілермен байланысын қысқартатын, сыбайлас жемқорлықтың көлемін азайтатын бірың- ғай ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі мемлекет пен Қазақ- станның қоғамдық бірлестіктері арасындағы серіктестік байланыс- тарды «мемлекеттік сектордан қоғамдыққа, жекеге» деген қағидат бойынша сындарлы дамьпу мен нығайтуға бағытталған. Кәсіпкер- лердің бірыңғай пікірін білдіретін және олардың мүдделерін қор- ғауды жүзеге асыратын үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің заң- ды құқығын күшейтуге және арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Қа- зақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бүзушылықтарына қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті іс-шаралар көзделген Қазақстан Рес публикасында экономика саласындағы кұқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәслихаттар бекіткен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ облыстық және олар- ға теңестірілген прокурорлар жанындағы қүқық қорғау органдары үйлестіру кеңестерінің отырыстарында үдайы қаралады. Тәртіптік кеңестер қабылдайтын сыбайлас жемқорлық қүқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жазалау туралы шешімдердің пәрменділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселеле- рінде тәртіптік кеңестердің қызметін үйлестіруді күшейту мақса- тында олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қарауына берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекет- тік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен 171
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==