Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси да- муына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлі де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдар- ға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Респуб- ликасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығы- на сәйкес сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүйелі және кешенді сипат алды. Мәселен, орталық мемлекеттік органдар- дың функцияларының бір бөлігін өңірлерге және жекеше секгорға кезең-кезеңмен бере отырып, олардың функцияларын біртіндеп орта- лықтан алу жүзеге асырылуда, монополия саласы кысқартылуда жә- не мемлекеттік қызметтер корсету саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалуда, халыққа қызмет көрсету кезінде «жалғыз терезе» қағидаты енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілерді кон- курстық іріктеу рәсімдерінің айқындылығы мен объективтілігі, олар- дың мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтау қамтамасыз етілген, іскерлік қабілеті мен кәсібилігіне негізделген қабылдау және ілгері- лету қағидаттары енгізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы№ 1567 Жарлығымен Қазақстан Респуб ликасы мемлекеттік қызметшілерінің арнамыс кодексі бекітілді. 2005 жылғы 8 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Зацына өзгерістер мен толықтырулар енгізіл- ді, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салатын нормалар көзделген, саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау институты енгізіл- ген, ол халыққа және ұйымдарға тікелей мемлекеттік қызметтер көрсету деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиім- ді құралы ретінде қызмет етеді. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - «көлеңкелі экономикаға» қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жү- зеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 170
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==