Электрлік машиналар: оқу құралы / С. Ә. Әбдікәрімов, М. Ә. Әділбеков.

2.1.7. Қысқа түйықталған роторлы асинхронлы қозгалтқыш Асинхронды қозғалтқыштың ішінде тоғы бар жақтаудың орнына тиін дөңгелегіне ұқсайтын тиін-торлы ротор бар. Тиін- торлы ротор сакиналармен ұштарында қыска тұйықталған таяқшалардан (стержень)тұрады. 2.13 - сурет. "тиін торлы" ("беличья клетка") Қысқа тұйықталған роторлы "тиін торлы" роторы асинхронды қозғалтқыштарда өте кеңінен қолданылады (біліксіз жэне өзексіз көрсетілген) Үш фазалы айнымалы ток, статор орамдарынан өтіп, айналмалы магнит өрісін тудырады. Осылайша, бұрын сипатталгандай, ротордың өзектерінде ток пайда болады, бұл роторды айналдырады. Төмендегі суретте өзектердегі индукцияланған токтар арасындағы айырмашылықты көруге болады. Бұл магнит өрісінің өзгеру шамасы өріске катысты эр түрлі орналасуына байланысты эр түрлі таякшаларда өзгеше болатындығына байланысты. Стержіндеріндегі токтың өзгеруі уақыт өте келе өзгереді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==