Мыс немесе қалайы катпарлы темір кетігінің ішіне орналас тырылған жэне сол бірліктің ұштары ток өткізе алатын ауыр сақина ға дәнекерленіп немесе пісірілген кыска тұйыкталған ротор 2.4 (а)- суретте көрсетілгендей, эсіресе іс жүзінде кең колданылады. Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың көлденең кимасы 2.4 (б)-суретте келтірілген. (Ь) 2.4 - сурет. Ротор мен статордың орналасуы Темір ротордың пластинкалық (қатпар-қатпар) өзегіндегі кетікте (паза) өткізгішгер орналасқан. Егер кетіктерді кисайтып орналастырса, онда бастапқы қозғалыс біртіндей басталып, шудың бәсеңдеуі тез жетілетін болады. Мұндай ротордың түрі сырттан ешқандай қондырғымен жалғанбағандықтан, контактылы сақиналар мен щөткелердің (түкшелердің) қажеті болмағаны. Қысқа тұйыкталған роторы бар козғалтқыш арзан, сенімді жэне тиімді болып келеді. Ротордың баска түрі - фазалық ротор. Статор сиякты мұндай ротордың кетіктерінде фазалық орамдар орналаскан. Үш контактылы сақинамен қосылған орамдар бір-бірімен жұлдызша нсмесе үшбұрыштап жалғануы мүмкін. Жеке қарастырғанда, әсіресе ротор тізбегінің сыртқы кедергісін іске қосу үшін контактылы сақиналар қолданылады, алайда жай жұмыс істегенде контактылы сақиналар қысқа тұйықтау береді. Қысқа түйықталған жэне фазалы роторлардың жұмыс істеу принциптері бірдей.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==