Электрлік машиналар: оқу құралы / С. Ә. Әбдікәрімов, М. Ә. Әділбеков.

Трансформатор - айнымалы токтың кернеулері мен т<ж шамаларын өзгерту үшін өзара индукция құбылысын пайдаланатын статикалық электрмагниттік кұрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электрмагниттік индукция қүбылысына жэне параметрлік нэтижеліктерге негізделген. Айналатьга бөлшектері болмаса да трансформаторлар злектр машиналар қатарына жатады.Олар электриндукциялык заң негізінде бір шамадағы кернеулі электр энергиясын,екінші шамадағы кернеулі электр энергиясына айналдырады. Трансформатор (лат. transformo - түрлендіремін) - айнымалы токтың кернеуін жиілігін өзгертпей басқа кернеулікке түрлендіретін статикалык электрмагниттік құрылғы. Негізгі атқаратын кызметі айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр аспабы. Трансформаторлар, статикалық қасиетіне байланысты олар ұзақ уакыт бойы тұрақты түрде бұзылмай жұмыс істей алады. Трансформаторлардьщ өлшемдері, яғни қуаттылығы әртүрлі болуы мүмкін, қуаттылығы ең томен трансформаторлар электрондық кұрылгыларда, ал электрстанцияларында куаты өте жоғары трансформаторлар қолданылады. Қуатгылығының әргүрлілігіне карамастан барлық трансформаторлардьщ жұмыс істеу принциптері ұқсас 1.4-1.5 —сурет. Төменде 1.2-суретге электрмен жабдыктаудын қарапайым принципиалды сұлбасы көрсетілген. 1.2-сурет. Электрмен жабдыктау жүйесінде трансформаторларды пайдалану Генератордан Г кейін жоғарлатқыш трансформаторы Трі, ал электр энергиясын тасымалдау желісінің (ЭТЖ) соңьгада төмен- деткіш трансформаторы Тр2орнатылған, ол жүктемені Ж қоректен діреді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==