Электрлік машиналар: оқу құралы / С. Ә. Әбдікәрімов, М. Ә. Әділбеков.

Айкын полюсті синхронды машиналар - баяу қозғалатын болса, айкын емес полюсті синхронды машиналар жылдам қозғалатын болып табылады. Синхронды машиналар кез келген электрлік машиналары секілді - кайтымды, яғни генератор ретінде де қозғалтқыш ретінде де жұмыс жасайды. Сонымен қатар синхронды машиналардьщ ерекшелігі олардың қоректенетін ток көзіне реакивті куатты генерациялайтын режимде, яғни компенсатор ретіндеде жұмыс жасай алады. а ) 5 ) 2.35 - сурет. Синхронды машиналардьщ қурылысы а -айқын емес полюсті; б -айқын полюсті. Синхронды машиналардьщ ең көп қолданылатын саласы олардың генератор ретінде қолданылуы (жер бетіндегі электр- энергиясы синхронды машиналар көмегімен өндіріледі). Синхронды генератор бірінші реті энергия көзіне байланысты, яғни механикалық энергияны қандай жолмен алуына байланысты үшке бөлінеді. Турбо генератор - бу турбинасы ( 1500 - 30000 айн /мин.), гидравликалық турбина - гидрогенератор (50 - 600 айн /мин.). Дизель -генератор - дизель, іштен жану козгалткыш (600-1500 айн /мин.) Турбо жэне дизель генераторлардың білігі көбінесе - горизонталь орналастырылады. Генераторлык режимде жұмыс жасау принципі келесідей болады, ягни ротор өзекшесінде орналасқан қоздырғыш орамдарга қоздыру тоғын беріп, роторды қозғалысқа келтіретін болсак, ротор орамдары магнит агымын Е Е Е туғызады, осы магнит ағымы статор орамдарына ( А’ в’ с) жиілігі Е=пр енгізеді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==