2.2 СИНХРОНДЫ МАШИНАЛАР 2.2.1 Синхронды маіииналардың қүрылысы жэне жүмыс жасау принципі Егер жоғарыда қарастырылған асинхронды машиналарда ротордың айналу жылдамдығы статордың магнит орісініц жылдамдығынан өзгеше болса, онда синхронды жиіліктерде бұл жиіліктер бір-біріне тең болады. Синхронды машиналар генераторлармен де, козғалтқыштармен де жұмыс істей алады. Жетек түріне байланысты синхронды генераторлар өз атауларын алады. Турбогенератор, мысалы, бу турбинасымен баскарылатыи генератор, гидрогенератор су дөңгелегін айналдырады, ал дизель генераторы іштен жану қозғалтқышымен механикалық түрде байланысады. Синхронды қозғалткыштар қуатты компрессорларды, сорғылар ды, желдеткіштерді іске қосу үшін кеңінен колданылады. Синхронды микроқозғалтқыштар таспалы тартқыш механизм дерді, жазу аспаптарын, магнитофондарды жэне т. б. жүргізу үшін колданылады. Роторының айналу жылдамдығы статордың магнит өрісінің айналу жылдамдыгына тең болатын айнымалы ток машинасы, яғни 60/ П = /7, = ------ L Р , Р-полюстер жұбының саны ft=50 Гц (ротор мен статордың полюстер жұбының саны өзара тең). Синхронды машиналарда екі бөліктен статордан жэне ротордан құралады. Синхронды машинаның статорының кұрылысы асинхронды машиналардікінен айырмашылығы жоқ, (корпус - түрақ, өзекше - сердечник жэне үш фазалы орамдардан кұралады) бірақ, машинаның габариттік олшемдері мен арналуына байланысты эртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, көпполюсті қуатты машиналардың статорының өзекшесінің сыртқы диаметрі 900 мм үлкен болса, статор өзекшесі нің пластиналарын жеке сегменттерден жасайды, жеке сегменттер кұрастырған кезде цилиндр тэрізді форма кұрайды. Синхронды машиналар роторының құрылысына байланысты екіге бөлінеді: айқын полюсті - (явнополюсный) жэне айқын емес полюсті (неявнополюсный) болып екіге бөлінеді (2.35- сурет).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==