Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Вавилонның колжазбалык кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тэсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. IV-II ғг. жылнама- ларында біркатар өсімдіктер туралы сөз козғалып, олардың пісіп- жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер ежелгі дүние ғалымдары Гераклиттің (б.э.д. 530-470 жылдар), Гиппок- раттың (б.э.д. 460-370 жылдар), Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жылдар) еңбектерінде келтіріліп, талданады. Эмпедокл (б.э.д. 490- 430 жылдар) өсімдіктердің коршаған ортамен байланысты екенін, ал Гиппократ өз жұмыстарында орта факторларының адам денсау- лығына әсері туралы өз ойларын айтады. Аристотель «Жануарлар тарихы» еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарлардың атын атап, мінез-құлкына сипаттама беріп, оларды коректенуі және тіршілік етуі бойынша топтарға бөледі. Мысалы, жануарлардың миграциясы мен кысқы ұйқыға кетуі, кұстардың жылы жакка ұшуы, жануарлардың інін, құстардың ұясын салуы және т.б. Ғылымды дамытудың алғашкы алгы шарттары - накты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тэжірибесі осылай жүзеге асады. Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 жылдар) қазіргі Жерорта теңізінің жағалауларындағы кең ауқымды кеңістікте өзі байқаған өсімдіктерге топырактың және ауа райының тигізетін эсерлерін баяндайды. Философтың бұл еңбегінде, сонымен қатар әртүрлі ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың да қандай топыракта жаксы өсетіні туралы бірінші рет деректер келтіріледі. Орта гасырлар дәуірінде табиғатты зерттеу жөнінде жүмыстар жүргізу біршама токырап калды. Өйткені, бұл кезде кұдайға кұлшылық етуге баса назар аударылғандыктан, жаратушыға карсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Жалпы қоршаған орта мен тіршілік иелерінің байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмады. Барлык нәрсе «тек құдайдың жаратушылык құдіретімен жасалған» деген үғым көптеген көзі ашык, көкірегі ояу адамдардың өзін «кол-аяғын байлап» тастаған болатын. Баскаша ой ойлау, өзге идеяны насихаттау былай тұрсын, тіпті ежелгі философ ғалымдардың еңбектерін окығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отка өртеудің көптеп орын алғаны белгілі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==