Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

сульфурилфторид, галогенді көміртегілер, азот тотыгы жэне құра- мында фторы бар газдар (азот трифториды, фреон). Су пары - бүкіл эффектінің 60%-на жауапты табиғи негізгі парникті газ. Су парына тікелей антропогендік эсер аз. Соған қарамай, баска факторларға байланысты Жер температурасынын жогарылауы калыпты ылғалдылықтың тұрақты болуына карамай, атмосферадағы су парының жалпы концентрациясын жэне бу- лануды арттырады. Бұл өз кезегінде парникті эффектіні жоға- рылатады. Сөйтіп, біршама оң «кері байланыс» пайда болады. Екінші жағынан, атмосферадағы бұлттар күннің тіке сәулесін шағылыстырып Жердің альбедосын жоғарылатады, яғни эффектіні біршама төмендетеді. Көмір қыіиқыл газының Жер атмосферасындағы көзі - адамдар мен баска да организмдердің тіршілігі, вулкандык аткылаулар. Тікелей антропогендік факторлар - казба отындарын жағу, биомассаларды өртеу (оның ішінде ормандарды да), кейбір өнеркәсіптік процестер (мысалы, цемент өндіру). Негізгі көмір кышкыл газын пайдаланушылар - өсімдіктер болып табылады. Қалыпты жағдайда биоценоз канша көмір қышкыл газын өндірсе (мысалы, биомассаның шіруі), шамамен сонша сіңіреді. Метанның парникті белсенділігі көмір кышкыл газына Караганда шамамен 21 есе жоғары. Атмосферадагы метанның ұзақтығы 12 жылды кұрайды. Негізгі антропогенді көздері - мал шаруашылығындағы ас корыту ферментациясы, күріш егіншілігі, биомассалардың өртенуі (оның ішінде ормандардың да) болып табылады. Соңғы кездегі зерттеу нэтижелері көрсеткендей, атмосферадагы метан концентрациясының тез жогарылауы біздің дэуіріміздің алғашкы мыңжылдыгында (ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуы, ормандарды өртеу) жүрген. 1000 жыл мен 1700 жылдар аралығында метан концентрациясы 40%-ға төмендеп, соңғы жүз жылда тағы да жогарылаған (жыртылатын жер мен жайылымдар көлемінің үлғаюы, ормандарды өртеу, мал санының өсуі, ластану, күріш өсіру). Сондай-ак метанның бөлі- нуіне көмір кен орындары мен табиғи газды игеру кезінде жэне калдықтарды кому орындарынан түзілетін биогаз кұрамында да кездесуі эсер етеді. Мүздардағы ауа көпіршіктерін сараптап талдау казіргі таңда Жер атмосферасындағы метанный мөлшері соңғы 400 000 жыл

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==