Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

12-сурет. Соңғы бір жарым ғасырлағы эртүрлі зерттеу орталыктарынын мәліметтері бойынша галамлык температуранын линамикасы (ІРСС мәліметтері бойынша. 2007 ж.) Климатологтар М. Юинг пен У. Донн гипотезасы бойынша криоэрада ауытку процесі бар - мұздыктану климаттың жылыну әсеріне, ал дегляциация (мұздыктану дэуірінің аяқталуы) температураның төмендеуіне байланысты. Бұл кайназой эрасында полярлық мұздардың еруі кезінде биік ендіктерде жауын-шашын мөлшерінің артуына, сәйкесінше жергілікті жерлердегі альбедоның (шашырау аркылы жогалган жарык мөлшері) күшеюіне алып келеді. Нэтижесінде солтүстік жарты шардың ішкі аудандарында мұздықтар түзіліп. температураның төмендеуі жүреді. Полярлык мұздыктардың қатуы кезінде солтүстік жарты шар кұрылык- тарының ішкі аудандарындағы мұздыктар жауын-шашынның жеткіліксіз болуынан ери бастайды. Жер бетіндегі климаттың жылынуына байланысты процес- тердің бірі - мүздықтардың еруі. Соңғы жарты ғасырда Антарк- тиканың оңтүстік-батысында, Антарктика түбегінде температура 2,5° С-ка көтерілген. 2002 жылы аумағы 3250 км2, калыңдығы 200 метрден асатын Ларсен мұздығынан көлемі 2500 км" айсберг бөлінген. Яғни мүздық бүзылуы бар-жогы 35 күнде жүрді. Ал бұган дейін мүз дәуірі аякталғаннан бері 10 0 0 0 жыл бойы мұздык тұракты болтан. Мұздыктың жылдам еруі XX гасырда жүрді, мысалы Уэдделл тенізінде мұздықтардан бөлінген мыңнан аса жаңа айсбергтер пайда болды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==