Өнеркәсіптегі техникалык күрал-жабдыктардың тозуы кор- шаган ортаға ластаушылардың көптеп бөлінуіне алып келеді. Тозган, ескірген жэне техникалык деңгейі төмен тазалау кон- дырғыларының тиімділігі өте аз. Қазакстанның ерекшелігі, кейбір аймактардың жогары деңгейде улы жэне радиоактивті заттармен ластануы. Бұл заттармен ластану деңгейі элем бойынша жогарғы көрсеткіштердің біріне ие. Топырақтың, ауа атмосферасының ластануына аймактағы экологиялык апатты жерлер (Арал өңірі, полигондар) өз үлестерін косуда. Тағы бір ерекшелік - ауыл шаруашылығына тиесілі жерлерді тиімсіз эрі экологиялық жағынан дұрыс пайдаланбау. Жыртылған жер көлемі жөнінен әлемде алдыңғы орындардың біріндеміз. Жергілікті аспектілері. Жергілікті жердегі экологиялык өткір мәселелерді шешуде ондаған жылдар бойы калыптаскан эко- номикалык және әлеуметтік ерекшеліктер үлкен роль аткарады. Жергілікті жерді игеруде өзіне тән екі әлеуметтік-экономикалық типті ерекшелеуге болады. Бірінші - энергетикалык жэне метал- лургиялық кэсіпорындардан бастап химиялык жэне машина жасау өндіріс орындарына дейінгі экологиялык кауіпті ірі кәсіпорын- дары бар өнеркәсіптік кешендер, екінші - жекелей ірі жэне ка- рауында тұргын үй кешендері бар алып кәсіпорындар (энергетика, өндіруші жэне т.б. салаларға тән). Мұндай кәсіпорын - коршаган ортаға зиян әкелетін ғана емес жэне сол аймактағы жұмыспен камтамасыз етуші негізгі (мүмкін жалғыз) өндіріс орны болуы мүмкін. Сондыктан Қазақстан аумағында ғаламдык экологиялык проблемалардың болуына өзінше «үлес қосатын», коршаган ортаға зиян тигізетін жергілікті экологиялык мәселелерден түратын үлттық экологиялык дағдарыс туындайды. Нәтижесінде халыктың негізгі бөлігі жогары экологиялык кауіп жагдайында өмір сүреді. 2.5 Климаттың ғаламдық жылынуы Климаттың галамдық жылынуы - Жер мен Әлемдік мұхит атмосферасының орташа жылдық температура көрсеткішінің бір- тіндеп жоғарылау процесі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==