Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Б¥¥-ның 1985 жылгы мәліметтері бойынша. сол кездін өзінде антропогенді шөлденудің көлемі 9 млн км-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып калуда. 5-сурет. Орманды-далалы аймактын шөлге айналуы Шөлдену процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралиядада - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын курайды. Сахара шөлі оңтүстікке карай жылына орташа 6 км жылдамдыкпен жылжуда. Шөлдену казіргі таңда адамзат алдында түрган ғаламдык проблемалардың бірі. Егістік жерлерді жырту кезінде кұнарлы топырак бөлшектері ауага көтеріліп шашырайды немесе сумей бірге шайылып отырады. Жыртылған жер көлемі негұрлым көп болған сайын топырактың беткі кабатының табиғи сумей жэне желмен бүзылуы соғұрлым көп және жылдам жүреді. Су, ауа жэне тірі организмдердің әсерімен литосфераның жогаргы кабаттарында маңызды экожүйе, жұка жэне нәзік «Жер терісі» деп атайтын топырақ түзіледі. Бір уыс кара топыракта қүнарлылықты қамтамасыз ететін миллиондаған микроорганизмдер кездеседі. 1 см кұнарлы топырак кабаты түзілу үшін жүздеген жыл уакыт кетеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==