Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Олан да маңызды фактор - тұрмыстык және өнеркәсіптік максатта су шығынынын артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АКДІ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлыктай төмендеді. Кейбір жерлерде сугару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналаскан казба суларын пайдалануға мәжбүр. Қытайдың ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді. АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынык мұхитка жылдағыдай кұя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялык ахуалды нашарлатып азык-түлік тапшылығына алып келуде. Экожүйедегі тепе-тендіктің бүзылуына жэне белгілі бір территориядағы органикалык тіршіліктің барлық формаларының деградацияға үшырауына алып келетін табиғи жэне антропогендік процестердің жиынтығы Басқаша айтканда, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жабынын жоғалтуы шөлдену деп аталады. Яғни, жайылымдардың, егістік алқаптардың, ормандардың жойылып, күрғақ жерлердің деградацияға үшырауы. Шөлдену негізінен ылғалы тапшы ау- дандарда табиғи жэне көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын кырку, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жүмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б.) пайда болады. Шөлдену әлемнің барлык табиғи аймактарында жүруде. Шөлденуге карсы күрес Конвенциясының критерийлеріне сэйкес, шөлденудің негізгі түрлері мынадай: - өсімдіктер жамылғысының деградациясы; - топырақтың желмен жэне сумен эрозиясы, рельефтің өзгеруі; - топырактың құнарсыздануы жэне тұздануы; - жер үсті жэне жер асты суларының химиялык ластануы; - гидрологиялык режим мен жерлердің техногенді бүзылуы болып табылады. Қазіргі таңда әлемнің эртүрлі елдеріндегі шөлденудің басты себебі - табиғи ресурстарды шаруашылыкта пайдалану құрылымы- ның сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы. Сондай-ақ халык санының өсуі, антропогенді кысымның артуы, кейбір елдердің элеуметтік-экономикалык жағдайының төмендігі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==