Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

арасында. Нил өзені суы үшін Египет, Эфиопия жэне Судан мемлекеттері арасында «өзен кактыгыстары» болып тұрады. Адамзаттың тіршілігіне пайдалануға жэне өнеркэсіп пен ауыл шаруашылыгы үшін судың тапшылығы мәселелері алдагы уакытта ғаламдық проблемаларга алып келетіні сөзсіз. Кейбір мамандардың айтуынша, XXI ғасырда негізінен Жер бетіндегі согыстардың болуына түщы су тапшылыгы, ауыз суга деген сұраныстың артуы себеп болады. 2030 жылы әлемдегі халықтың 47% су тапшылығын сезінетін болады. Тек Африканың өзінде 2020 жылға карай мүндай жагдайға 75 миллионная адамнан 250 миллионга дейін адам үшырайды деп болжам жасалуда. Нәтижесінде шөлді жэне жартылай шөлді аймактарда судың тапшылығынан тұргындардың 24 миллионнан 700 миллионга дейіні жаппай коныс аударуы бастатады. Б¥¥-ның мэліметі бойынша 2000 жылы ауылшаруашылығы және өнеркәсіп мақсаттағы элемдегі судың тапшылығы жылына 230 млрд/м3-ді қүраса, 2025 жылға карай бүл көрсеткіш 1,3-2,0 трлн/м’-ге жетеді деп күтілуде. Әлемдік ресурстар институтының бағалауы бойынша, соңғы жылдары су тапшылыгы 13 мемлекетте жогары дәрежеде болды. Оның ішінде 4 мемлекет бұрынгы Кеңес Одагының елдері: Түркіменстан, Молдова, Өзбекстан жэне Әзірбайжан. Жан басына шакканда орташа 1000 м3 тұщы судан келетін елдерге: Египет - 30 м3, Израйль - 150 м3, Түркіменстан - 206 м3, Молдова - 236 м3, Пакистан - 350 mj , Алжир - 440 м3, Венгрия - 594 м3, Өзбекістан - 625 м3, Нидерланды - 676 м \ Бангладеш - 761 м3, Марокко - 963 м3, Әзірбайжан - 972 м3, Оңтүстік Африка Республикасы - 982 м’ жатады. Су тапшылыгын көптеген галымдар соңғы кездегі атмосферада көмір кышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты темпе- ратураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі туды- ратын проблемалардың тізбегін жасау киын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалык проблемаларды шешу) - парникті эффект - су тапшылыгы - азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңгы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-ка көтерілді. Әсіресе 1995- 1998 жылдары температура катты көтерілді. Көмір кышкыл газы, метан жэне баска да газдар жылу сэулелерін сіңіріп, парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==