Н. Борлоуг ашқан жаңалықтар Колумбияда, Үндістан мен Пакис- тандағы селекциялык жұмыстарда кең қолданыла бастады. Жасыл революцияның арқасында астыкты дакылдардың өнімділігі 2-3 есе артып, өнімдердің ассортименті екі есе көбейді. Қазіргі шығарылып жаткан өнімдердің жартысынан көбі 1950 жылдарға дейін шығарылмаған. Кейбір дамушы елдер астыкка деген сұранысын өзі қамтамасыз ете бастады. Тек жем-шөппен ғана емес, витаминдермен, антибиотиктермен, сондай-ақ салмағы тез артуы үшін - өсу стимуляторларымен өсірілген өнімділігі жоғары жануарлар пайда болды. 1970 жылы Норман Борлоуг Нобель сыйлыгына не болды. «Жасыл революция» ғылыми-техникалық революцияның бір көрінісі: - ауыл шаруашылығын техникаландыру (машина мен техника- ларды пайдалану); - химияландыру (улы химикаттар мен тыңайтқыштарды пайдалану); - мелиорация (суғармалы жерлердің көлемін ұлғайту); - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттарын колдану сияқты ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы. 1963 жылы Жасыл революцияның таралуын белсенді түрде қолдау мақсатында мексикалык зерттеу мекемелерінің негізінде Бидай мен жүгері сорттарын жақсартудың Халыкаралык орталығы (СІММҮТ) құрылды. Жасыл революция Жер бетіндегі халықты тек азыкпен ғана камтамасыз етіп қана коймай, оның сапасын да көтерді. Дамушы елдердегі азык қүрамындағы калорияның тэуліктік мөлшері 25%-ға өсті. 6-кесте «Жасыл революциянын» теріс әсерлері және онын салдары Себептері Салдары Техникаландыру, химияландыру, мелиорация Топырак деградациясы Химияландыру Биосферанын улы химикаттармен ластануы Жана өсімдіктер сорттары мен жануарлар түкымдарын шығару Экожүйенің табиғи тепе-тенді- гінің бузылуы
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==