Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

күрылыкка жакын балык көп ауланатын жагалауларында балык аулау шекті деңгейде болып отыр. Кейбір аймактарда өкінішке орай, теңіз өнімдерінің коры уакыт өте азаюда. Сонымен катар, өзендер теңіздерге топырактың шайылған массаларын ғана емес, улы өнеркэсіп, ауылшаруашылыгы және мал шаруашылыгы калдықтарын да алып келуде. Табиги жағдайлардың өзгеруі, жер мен судың өнеркәсіптік жэне ауылшаруашылык өнімдермен ластануы, минералдык тыңайткыштар мен улы химикаттарды кеңінен пайдалану тамак өнімдерінде адам денсаулыгына зиянды заттардың жинакталуына алып келеді. Кейбір мэліметтер бойынша бүкіл қатерлі ісік ауруларының 60-80% ауа кұрамында, суда, тамак өнімдерінде химикаттардың болуына байланысты. Баска да көптеген ауру белгілері - тез шаршау, депрессия, козғалыстың баяу болуы, бас ауруы, аллергия, эртүрлі инфекциялар мен созылмалы аурулар, ашушаңдык, есте сактау кабілетінің төмендеуі жэне т.б. ауру белгілері шын мэнінде коршаған ортаның ластануымен катар, тамак сапасына да байланысты. Осының эсерінен әлемде тамакпен уланудың саны артуда. Дүние жүзі бойынша, негізінен дамушы елдерде жыл сайын 1,5 миллиард адам диареяга үшырап, 5 жаска дейінгі 3 миллион бала кайтыс болады. Дүниежүзілік денсаулык сактау үйымының ресми мэліметі бойынша, диареяның 70% сапасыз тамак өнімдеріне байланысты. Ал бейресми мэліметтер эрине бұл көрсеткіштің бұдан бірнеше есе жоғары екенін көрсетеді. Өйткені, эсіресе дамушы елдерде ауырған адамдардың бэрі дәрігерге барып көріне бермейтіні белгілі. Индустриалдану жэне урбанизация процестері атмосфераға көп мөлшерде зиянды химиялық заттар мен ауыр металдарды бөліп, кала және өнеркәсіптік кұрылыс орындарына, транспорттык жүйелерге орын беріп, айналымдағы өнделетін жерлердін кыскаруына жэне ауыл шаруашылығына зиянын тигізуде. Бұл өз кезегінде кала халкы санының өсуіне, нэтижесінде мал өнімдерін кеңінен пайдалануға жол береді. «Ет революциясы» деп аталатын бұл үрдіс бүкіл аграрлык саланың өндірістік мамандануының өзгеруіне алып келеді. Өсімдіктерден алынатын өнімдердің көп бөлігі адамдарға азық-түлік ретінде емес, мал азығы үшін пайдаланатын болғандыктан өнімділікті арттыру кажет болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==