Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

алып келетінін айткан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жакын халык саны оптималды деп есептейді. Ғаламдык азық-түлік проблемасы ұғымы XX ғасырдың 70- mi жылдарында Рим клубындағы «Өсу шегі» баяндамасынан (1972 ж.) кейін пайда болды. Бұл баяндаманы американдык ғалым Д.Л. Медоуз, ұстазы Д. Форрестердің кағидасына (яғни, табиғат ресурстарының азаюына, коршаған ортаның ластануына жэне дамушы елдердегі «демографиялык жарылыска» байланысты әлемдік апаттардың болуы) сүйеніп дайындаған еді. Бұл баяндама әсіресе дамыған елдер тарапынан үлкен колдау тапты. Бір-бірімен байланысты ғаламдық проблемалардын ■(эколо- гиялық, энергетикалық, демографиялык, шикізат, Әлемдік мүхит жэне т.б.) ішінде азык-түлік мәселесі ерекше орын алады. Өйткені миллиардтаған адамның өмір сүруі және денсаулығы азык-түлік- тің қоры мен сапасына байланысты. Бұл жөнінен Жер бетіндегі халык санының өсуін проблема туындатушы фактор деп айтуға болады. Тарихтан белгілі, адамзат санының 2 миллиардқа жетуіне 4 миллион жыл, тағы 2 миллиард көбеюге - 47 жыл, ал тағы да 2 миллиардқа көбею үшін 26 жыл уақыт кетті. Алайда осы уакытка дейін Жер бетіндегі азық-түлік өнеркәсібі адам санына Караганда тезірек өсіп жатты. Аграрлық экономикадағы технологиялық ілгерілеу (егістікті механикалық өңдеу, «жасыл революция», биотехнологиялык революция) тек өнеркэсіпті дамытып кана койған жоқ, оған кеткен шығынның мөлшерін азайтып, ауыл- шаруашылығы өнімдеріне деген бағаны төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда XXI ғасырдың басына карай азык-түлік саласында аландатушылык туғызатын жаңа екі тенденция пайда болды. Біріншіден, азык-түлік өндіру жэне оған кететін өзіндік кұн да баяулай бастады. Екіншіден, азык-түлік бағасына бірден эсер етпесе де ауылшаруашьтык өндірісінің дамуы үшін адамзат алдында сол азык-түліктің экологиялык багасы арта бастады. Бүл өз кезегінде ауыл шаруашылыгы мен оның салаларына эсердің қайтымсыз екенін жэне осыган байланысты коршаган орта мен адам денсаулығына антропогендік әсердің өскенін көрсетті.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==