оәрі колдануды, әсіресе азык-түлікті тұтынуды доғару деген емес, оларды пайдалануды сан жагынан емес, сапа жағынан өсіру деген сөз. Соңгы 50 жылда адамдардын артта калган халык саны көп елдерден, дамыған халык саны біршама аз елдерге коныс аударуы етек алуда. Адамдардын коныс аударуы негізінен экономикалык жэне саяси жагдайларга байланысты. Боскындар проблемасы қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың бірі болып отыр. XX ғасырдың соңында Б¥¥-ның мәліметтері бойынша әлем бойынша боскындар саны 15 миллионға жеткен. «Экологиялык боскын- дардың» пайда болуына өмір сүру ортасындағы коршаған ортаның ластануы мен табиғи апаттары (вулкандардың атқылауы, топан су, шөлдену) да эсер етуде. 4-сурет. 1750-2100 жылдар ішінде Жер бетінде халык санының өсуі (Ә.А. Арустамов бойынша, 2005 ж.) Сондыктан демографиялык жағдайдың өсуі тек миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамның ашаршылығына ғана алып келіп қоймайды, бұл экономикалык, саяси, әлеуметтік жэне экологиялык дағдарыстарга, апаттарға алып келуі әбден мүмкін. Планета үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халык саны (4 - сурет). Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген эртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялык жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халык санының бакылаусыз өсуі азык-түліктің тапшылығына
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==