Автотрофты организмдер мен гетеретрофты организмдер бірге коректік (трофикалық) катынастармен байланыскан біркелкі биологиялык жүйені күрайды. Қоршаған ортаның жағдайларына байланысты автотрофты да және гетеретрофты да қоректенетін организмдер (көк-жасыл балдырлар, паразит-өсімдіктер, жыртқыш-өсімдіктер, эвгленалар) бар. Оларды миксотрофтылар деп атайды. Қорегін тауып жеуіне байланысты да эртүрлі топтарга бөлуге болады. Мысалы. жануарлар арасында сүзіп жеп ңоректенетіндер (майда шаяндар, кит жэне т.б.), жайьпып цоректенетіндер (тұяқты жануарлар, жапырак жегіш коңыздар), жинап қоректенетіндер (тоқыядақ, жертесерлер, тауык тэрізділер), аулan қоректенетіндер (каскыр, арыстан және т.б.). Экологиялық классификациялардың негізіне тіршілік ету орны да жатуы мүмкін. Мысалы, су организмдері (гидробионттар) су түбінде тіршілік ететін (актиниялар, губкалар, су түбінде тіршілік ететін балықтар) - бентос (грекше benthos - тереңдік), су ағысына карсы тұра алмайтын (бір клеткалы балдырлар, медузалар) - планктон (грекше planktos - каңғыма), суда жүзіп жүретін (балык- тар, дельфиндер) - нектон (грекше nektos - жүзуші) болып бөлінеді. Экологиялык классификациялар организмнің ортаға бейімделу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. Экологиялык классификация бойынша организмдерді жарыкка, ылгалға, температураға, топырак кұнарлылығына байланысты топтарга да бөледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==