Кун роднашмсы 2-сурет. Организмдердің биосфера компоненттерімен байланыстары Гетеретрофтар (грекше heteros - баска, trophe - қорек) - корек ретінде автотрофтар синтездеген органикалык заттарды пайдаланады. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар жэне көптеген микроорганизмдер жатады. Қоректің түріне байланысты гетеретрофтар - өсімдіктермен қоректенетін - фитофагтарга, жануарлармен қоректенетін - зоо- фагтарга, өлекселермен коректенетін - некрофагтарга, жануар- лардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) коректенетін - копрофагтарга, өсімдіктер шірінділерімен коректенетін - сапро- фагтарга және жартылай ыдыраған органикалык заттармен қоректенетін - детритофагтарга бөлінеді. Гетеретрофты организмдер автотрофты организмдер түзетін барлык заттарды, кейде өнеркәсіпте адам колымен жасалган көптеген заттарды да ыдырата алады. Оның кейбіреулерін жай ыдыратып, кейбіреулерін ыдырата алмайды. Мысалы, балауыздан анаэробты жағдайда Жер бетіндегі органикалык заттардың негізгі үлесін құрайтын геополимерлер (қара шірік, кероген) түзіледі. Биосферадағы органикалык заттардың ыдырауында жануарларға Караганда саңыраукұлақтар мен бактериялардың ролі зор.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==