Түрдің белгілі бір географиялык ауданда тіршілік ете алуын, жерсінуін білу үшін, сондагы кандай да бір факторлардың (әсіресе түрдің көбеюі кезінде) түрдің экологиялык валенттілігінен асып түспейтінін білу керек. Шектеулі факторларды ауылшаруашылығында біліп, колда- нудың практикалық маңызы зор. Өйткені сол шектеуші факторларды жою аркылы жануарлардың, дақылдардың өнімділігін көтеруге болады. Мысалы, кышкыл топырактарда жоғары өнім алу үшін агротехникалық шараларды өзгертіп, топырактың кышкыл- дығын азайту үшін әк ар&тастыру кажет. Особтардың эртүрлі даму кезеңдерінде ортаның шектеуші факторлары да өзгеріп түратынын үмытпаған жөн. 1.7 Организмдердің экологиялык классификациялары Систематикалық классификациялардың негізінде организмдер арасындағы филогенетикалык туыстығы, шығу тегі ұқсас белгілері жатса, экологиялык классификациялар негізінде баска эртүрлі ерекшеліктер алынады. Мысалы, коректену түрі, козғалуы, тіршілік ету орны, кейбір факторларға катынасы және баскалары. Қоректену түрі бойынша барлык организмдер екі топка бөлі- неді. Автотрофтар (грекше autos - өзім, Ггорһе - корек) - күн энергиясын пайдаланып бейорганикалык минералды заттардан органикалык заттар синтездейтін организмдер. Бүларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер, балдырлар, фотосинтезге қабілетті фототрофты бактериялар жатады. Автотрофтылар - фототрофтылар жэне хемотрофтылар болып бөлінеді. Фото- трофтылар органикалык заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса, хемотрофтылар химиялық байланыстардың нәти- жесінде босаған (бейорганикалык косылыстардың тотығуы) энер- гияны пайдаланады. Автотрофты организмдер биосферадағы органикалык заттар- дың алғашқы продуценттері. Автотрофты организмдердің таби- гатта ролі орасан зор, өйткені олар биосферадағы органикалык заттардың негізгі бөлігін (жылына 162х 109тонна) кұрайды.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==