ересек особыары мен жұмырткалары үшін мұндай температура кауіпті емес. Сонымен, кез-келген фактор баска фактормен бірге эсер еткенде нәтижесі де эртүрлі болады. Керісінше, бір экологиялық нәтижені әртүрлі жолмен алуға да болады. Мысалы, өсімдіктердің солуын топыракты ылғалдау арқылы да жэне булануды азайту үшін ауа температурасын төмендету аркылы да тоқтатута болады. Шектеуші факторлар ережесі - бұл ереженің маңыздылығы сол, жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшерден көп факторлар әсері организмге теріс эсер етеді, сонымен катар баска факторлардың да мүмкіндіктерін тіпті ол фактор оптимум жағдайда болса да тө- мендетеді. Неміс ғалымы Ю. Либих (1840 ж.) топырактағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге эсерін зерттей келе мынадай тұжырым жасады: «Өнімдйік ең аз мөлшердегі затца (факторга) байланысты». Бұл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын түжырымдай келе шектеуші мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырактағы аз мөлшердегі химиялык элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, бор, кремний, молибден, хлор, ванадий, кобальт, йод, натрий жатады. Мысалы, топыракта өсімдікке қажетті минералды элементтердің барлығы жетерлік, бірак мырыш жетіспейді деп есептейік. Соған байланысты бұл элементтің өсімдікке кажеттілігі аз болғанымен өсімдіктің өсуі нашарлайды. Мырыштың болуы іиектеуші фактор болып есептеледі. Көптеген экологтар Либих заңының колдану ауқымын кеңейтіп, шектеуші факторларға қоректік заттардан баска жарық, температура, ылғал жэне баска экологиялык факторларды да жаткызды. Шектеуші фактор тек абиотикалық фактор болмауы да мүм- кін. Мысалы, інжірдің отаны Жерорта теңізі, ал тозаңдатушы - Blastophaga psenes арасы болып табылады. Калифорнияға жер- сіндірілген інжір тозаңдатушы араларды алып келгенше жеміс бермеген. Бүршақ тұкымдас өсімдіктердің Арктикада таралуы оларды тозаңдандыратын араларға байланысты. Мұндай аралар тіршілік етпейтін Диксон аралында бұршак тұқымдастар өспейді. Әйткенмен ондағы температуралық жағдай бұл өсімдіктердің өсуі үшін өте қолайлы.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==