Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Сондыктан эврибионтты организмдер стенобионттарға Караганда жер бетінде кең таралган. Түрдің бір факторға төзімділігі жогары болганымен, баска факторларға төзімділігі нашар болуы мүмкін. Мысалы, темпе- ратураның көп ауыткуына шыдайтын организм, ылғалдылыктың немесе тұздылықтың да көп ауытқуына шыдамды болуы міндет емес. Эвритермді түрлер стеногалинді, стенобатты немесе кері- сінше болуы мүмкін. Әртүрлі факторға катысты түрдің эколо- гиялык валенттілігі де эртүрлі болуы мүмкін. Бұл табиғатта көптеген бейімделушілік түрлеріне алып келеді. Ортаның эртүрлі факторларына катысты экологиялык валенттіктердің жиынтығын түрдің экологііяіық спектрі деп атайды. Факторлардың өзара әсері. Организмдердің бір экологиялык факторга катысты оптималды мәндері жэне төзімділік шектері баска факторлардың кандай күшпен эсер етуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл заңдылык факторлардың өзара әсері деп аталады. Мысалы, ылгалды ауамен салыстырғанда кұрғак ауада ыстықты жеңіл көтеруге болады. Сол сиякты кыстың күні желсіз даладағы ауа температурасын, қатты жел түрган кезбен салыс- тырғанда әлдекайда жеңіл көтеруге болады. Әрбір фактор организмнің эртүрлі қызметіне де әркалай эсер етеді. Кейбір процестер үшін оптимум эсер, басқа процестер үшін пессимум болуы мүмкін. Мысалы, ауа температурасының 40°- 45°С-ы салкын қанды жануарлардың организміндегі зат алмасу процесінің жылдам жүруіне эсер еткенімен, жануарлардың козғалу белсенділігі төмендейді. Көптеген балыктар үшін жыныстык клеткаларының дамуына колайлы су температурасы, уылдырык шашу үшін қолайсыз болады. Организм үшін тіршілік циклдерінің кейбір кызметтері (коректену, өсу, көбею, коныс аудару жэне т.б.) орта факторларының маусымдық өзгеруімен тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандай индивидтің төзімділік шектері, оптималды жэне пессималды аймақтары бір-біріне сәйкес келмейді. Бүл өзгергіштік особтардың тұкым куалау ерекшеліктерімен катар жыныстык, жастық жэне физиологиялық айырмашылыктарына да байланысты. Мысалы, кейбір астык дакылдары мен үнның зиянкесі болып келетін көбелектердің қүрттары үшін төменгі температура шегі -7°С, ересек особьтары үшін -22°С, ал жұмырткалары -27°С-ка дейін тіршілік ете береді, яғни -10°С аязда кұрттары өлгенімен,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==